ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ
Уалиева Сауле Султановна, Новоишим кенті №9 Агротехникалық колледж оқытушысы, Ақмола облысы
«Қазақ
хандығының кұрылуы Қазақстан тарихында
сындарлы кезең болып табылады.»
Н. Ә. Назарбаев
Адам өткенін
білмей-болашаққа нық қадам жасай алмайды.
Көсіліп жатқан кең
даламыз шежірелі тарихтың, қазақ халқы басынан кешірген аумалы-төкпелі
оқиғалардың куәгері секілді. Тайға таңба басқандай бір ақиқат –әрбір елдің,
әрбір ұлттың өзіңдік тарихы, өзге жұртқа ұқсамайтын тағдыры болады.
2015жылы Қазақ
хандығының құрылғанына 550-жыл болды. Тарихқа үніле карайтын болсақ, қазақ
хандығы xv-ғасырдың ортасында құрылды. Хандықтың құрылуы Керей мен Жәнібектің
басшылығымен Шу бойымен Қозыбасы атты жерді и еленген. Бұл оқиға қазақ халқының
тарихындағы маңызды сәт болды. 1458жылы Керейді ақ кигізге отырғызып хан сайлады. Керей мен Жәнібек
ұлаң-байтақ өңірді мекендегенқазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық
аумағын біріктірді. Аз уақыттың ішінде халықтың саны екі жүз мыңнан асып түсті.
Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған
әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестердің заңды қортындысы.
Хандықтағы жоғары
билік хан қолында болды. Салт бойынша хан тағына рудағы үлкен үл отыру құқығы
басым болды, сондықтанда Керей сайланған болатын. Хан-әскердің қолбасшысы,
жоғарғы сот, өзге елдермен келіссөз жүргізуші, соғыс жариялау мен бейбіт
келісім жасау құқығына ие болған. XV-XVII ғасырларда Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық
және рухани мәдениет қалыптасты.
Астанасы Түркістан
қаласы Сарысу жолы , ол Қазақ хандығында аса өлкен өлке. Керуен жолдары ішінде
көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды. Сарысу жолы өңірдің батысымен өтті.
Оңтүстікте, Хантау мен Шу арқылы тұсетін бұл бағыт , теріскейге қарай
қимақтардың жұрты болған , Ертіс бойына және одан әрі Батыс Сібірге тартатын
Қарқаралы жолы Хан деп аталды. Орталық Қазақстан экономикалық жағынан біртұтас
, құрамында болды.
XV-XVIII Ғасырдағы
қазақ хандары.
Керей мен
Жәнібек(1456-1480).
Бұрыңдық
(1480-1511).
Қасым(1511-1518).
Әз Жәнібектің ұлы, оның тұсында халық саны көбейіп, Қазақ хандығының саяси
ықпалы күшейіп, ірі қуатты хандықтардың біріне айналды. Ол билеген шақта «Қасым
ханның қасқа жолы» атты алғашқы заңдар жинағы шыққан болатын.
Мамаш(1518-1523).
Тақыр(1523-1533).
Бұйдаш(1533-1534).
Қожа
Махмұт(1534-1535).
Тоғым(1535-1537).
Хақназар(1537-1580)Қасым
ханның ұлы оның тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп, дами бастаған. Кейбір
деректерде Хақаназар хан «Қазақтар мен Қырғыздардың патшасы» деп аталған.
Шығай(1580-1582).
Тәуекел(1582-1598).
Есім(1598-1628). Елде
оны «Еңсегей бойлы Есім»атаған, оған бұл атақ Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға
жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін. «Есім ханның ескі жол» атты заңдар
жинығын жасаған.
Жәңгір(1629-1652).
Әз-Тәуке(1652-1718).
Оның тұсында Қазақ хандығының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәуке хан үш
әйгілі бимен Төле, Қазыбек, Әйтеке мен бірігіп «Жеті жарғы» заң жинағын
құрастырды.
Батыр(1718-1726).
Болат(1726-1730).
Әбілмәмбет
(1730-1771).
Абылай(1771-1781)оның
тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп , Ресеймен, Қытаймен одақтасты. Абылай хпн қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығы тез
ыдырап кетті, әр жүзде жеке хан сайланды. Әр жүздің өзіне тән тарихы,
географиялық аумағы болды.
Қазақ хандығының
шекара өңіріндегі орыс елімен сауда байланысының дамуында малдың жекешеленге
түрлері ерекше мәнде болды. Қой саудасы Орыс және Орта Азия көпестері тарапынан
жоғары бағаланған болатын. Ірі қара малдардан ет, сүт, май өнімдерін сата
бастады. Түрлі шаруашылық, түрлі қолөнерлер ереше орын алды. Біртіндеп ішкі
сауда дами бастады, бірақ негізінен сауда айырбас түрінде болды.
XVIII-XX ғасырларда
қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы ірі ұлт азаттық қозғалыстары болды.
Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолдарындағы күресінің негзгі
кезеңдері:
Сырым Датұлы
басқаруымен отаршылдыққа қармы қозғалысы(1783-1797); Исатай Тайманұлы мен
Махамбет Өтемісұлының ұлт азаттық қозғалысы(1836-1838); Кенесары Қасымұлы ұлт
азаттық көтерілісі(1837-1847); Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі(1856-1857);
Есет Көтібарұлы қозғалысы(1868-1869).
Негізі Қазақ халқы
жайлы бізге жеткен нақты жазбалар Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих -и-Рашиди»атты
еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналаған. Алайда сол кездегі
саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген.
Қорыта айтқанда,
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында төтенше маңызды оқиға. Ол
ұлаң-байтақ өңірді мекендеген тайпалардың басын қосып шоғырландыруда, қазақт ың
этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына
жекеленген ел болып қалыптасуын біржола аяқталуда аса маңызды және түбегейлі
шешуші рөл атқарды.
Тұғырлы көк
байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ
ұрпақтың еншісінде. Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін
қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халық үшін
жасап отырған елбасы Н.Ә. Назарбаев жүргізіп отырған сандарлы саясат. Бүкіл
дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер
байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатында.
Керей мен Жәнібек
құрған қазақ хандығының жалғасын бүгінгі
күні 23жыл бойы Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке желбіретіп , әнұраны
мен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне
мойындатқан Қазақстан республикасының тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевтың ерең
енбегі.
Қазақ хандығының
550-жыл тойы атап өтіп жатыр, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел»
болғанымызды дәлелдейді. Тарихы , тілі, діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға
ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерің, байлығын бүгінгі күні
«Мәңгілік ел» болашақ ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп
қалдырамыз!
No comments:
Post a Comment